Инфекциялық аурулардың менеджменті бойынша өткен баспасөз мәслихатында жұқпалы аурулардың емдейтін дәрігер Бақыт Көшерова елімізде инфекция саласындағы ақ халаттыларға психикалық және эмоциялық тұрғыда қысымның көп түсетінін, осыған қарамастан айлықтары төмен болатынын, сонымен бірге оларды сырқат жұқтыру қаупі жоғары екенін атап өтті. Осы себепті, Бақыт Көшерова аталған саладағы дәрігерлердің жұмыс барысының қауіптілігіне байланысты айлықтарын қайта қарауды ұсынды.
Сондай-ақ ол бұл саладағы кадрлардың жетіспеушілігін де атап өтті.
Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерде және медициналық-санитарлық қызмет саласында мамандар жетіспейтін көрінеді. Осыған байланысты Б.Көшерова инфекция саласындағы дәрігерлерді қайта даярлау мүмкіндігін қарастыру керектігін жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева елімізде шаруашылықты басқару құқығы бар көп бейінді стационарлар енгізіліп жатқаны туралы айтты. Демек, бірінші жетекшілер еңбекақы қорын өздері басқарып, қол астындағы қызметкерлердің айлығын өз еркімен өсіре алады. Сонымен қатар, әкімшілік -басқару ресурсын қысқарту арқылы кететін шығын қысқартуға болатынын мәлім етті.
«Сіздердің бұл сұраққа талқылануы барысында баса маңыз бергендеріңіз жөн. Тек медициналық ұйымдар бізге нақты шығындарын көрсетіп бергені абзал», - дедйі вице-министр.
Ләззат Ақтаева сонымен бірге, кадрлардың жетіспеушілігі турасындағы мәселеге жауап берді.
«Сіздер бұрын бұл ұсынысты жолдамағандықтан, биыл аталған мәселеге қатысты не тындыруға болатынын қарастырып көрейін. Біз аймақтардағы кадрлардың жетіспеушілігін сараптап көрдік. Ауылдық елді мекендердің денсаулық саласындағы кадрлық әлеуетін арттыру үшін ЖОО-ның 7 курсынан кейінгі білім-білік жетіп жатыр. Бұған қоса белгілі бір мамандарды қайта даярлауға мүмкіндік бердік. Инфекция саласындағы дәрігерлер расында ауылдарда жоқ.Мәселені бірге талқылап көрейік», - деп түйді Ақтаева.