Трансплант ойындарына Қазақстан алғаш рет қатысып жатыр. Бұл жарысқа ішкі органдарын ауыстырған алты қазақстандық барған.
Малагадағы ойындарға 60 елден спортшы жиналған. Жарыс 2 шілдеде аяқталады. Трансплант-спортшылар ойыны 1978 жылдан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылады.