"Жүрек бағынбайды" әнін айту үшін тыңдармандарымнан ұялып жүрдім - Тамара Асар

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Осы ән жүрегіме қонған кезде ерекше күй кештім... Ән жайында айтатын болсам, әуенін жазған сазгер Гошаға @galymbek_ismbergenovxа барласқанымда мені бірден түсінді.🏻 Ал, Ерболатпен @erbolat_karakoishy ақылдасып отырып сөзін жаздық. 🏻Әнді жарыққа шығармай 3 ай ұстадым. Себебі, мұндай ән айтуға тыңдарманымнан аздап ұялыңқырап жүрдім... Бірақ, ойыма бойымды ұсынып үйреттім бе, міне, енді өзімнің YouTube каналылыма шығарып отырмын... Қабыл алыңыздар!!! 🏻Бұйырса, сәті түссе, бейнебаяны да шығып қалар", деп жазды әнші.