«Жүрекжарды» эфирге қата оралды


КТК телеарнасында бірнеше жылдан бері үзбей шығып келе жатқан «Жүрекжарды» бағдарламасы ертең жаңа маусымын бастайды.

Жаңа маусымдағы жаңа кейіпкерлердің әңгіме-сұхбаттарын енді әдеттегідей әр сенбіде тамашалайтын боласыздар. Миллиондардың жүрегінен жол тапқан «Жүрекжарды» - исі қазақтың жақсысы мен жайсаңын түгендеп жүрген жалғыз жоба. Жаңа маусымда да ол осы бағытты жалғастыра бермек. Ал ертең күндізгі сағат 16:00-де  аталған бағдарламаның халыққа есеп  беру шығарылымын тамашалай аласыздар.