Жүргізуші келіншек жол ережесін бұзған жігітті сабап тастады


Оқиға таңертеңгелік көшедегі кептіліс кезінде болған. Мына таспада жеңіл көліктің иесі джиптің артына келіп тоқтады. Ал алдындағы көліктен атып шыққан келіншек, оны бас-көзіне қарамай төмпештеп жатыр. Ауызына келгенін айтқан ашулы әйел шопырды тіпті машинасынан суырып алуға тырысуда. Ал көліктің ішінде еңгезердей жігіт отыр. Әйелдің ашуын басқанын күтіп отырса керек, көп ұзамай ол тысқа шықты. Бұны көрген келіншектің қайта жұдырық ала жүгіргені камераға тайға таңба басқандай болып түсіп қалған. Дегенмен ақыры екеуі тіл табысып тарқасты.