Жүргізуші куәліктері бойынша қызмет қайта жанданды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы ақауға байланысты 13 қазанда мамандандырылған ХҚО-ларда жүргізуші куәліктерін беру бойынша клиенттерді қабылдау уақытша тоқтатылған болатын.

Қазіргі уақытта барлық ақау жойылып, автоХҚО клиенттерді қайта қабылдап жатыр», делінген хабарламада.


Еске салсақ, бұған дейін мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.