Жүргізушілерді аулайтын сұр көлік пайда болды

Жүгенсіз кеткен жүргізушілерді таспаға түсіріп алып, кейіннен ғаламторда әшкере етеді. Өздерін «Ортақ жол» атаған қоғамдық бірлестік белсенділеріне жолдарда шара қолдануға Ішкі істер министрлігінің өзі рұқсатын беріпті. Арнайы көліктің тіпті, дабыл қаққышы да бар. Жоба жетекшісі, Арсен Шокуов небәрі 1-2 күн ішінде таспаға жол ережесін өрескел бұзған жүзден аса азаматтың түсіп қалғанын айтады. Істерін бірден жол полициясына жөнелткен.               


Арсен Шокуов, «Ортақ жол» қоғамдық бірлестіктің жетекшісі:

Әзірге жолға тек бір көлікпен шығып жатырмыз. Жанармайын өз қалтамыздан құямыз. Күнделікті 4-5 сағат қала ішін аралап қайтамыз. Әрине, бұл үшін жол полицейлері бар. Бірақ көліктер тым көп, сондықтан қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз.