Жүргізушілерге жаңа куәлік таратыла бастады

Жаңа құжаттың бұрынғысынан айырмашылығы жер мен көктей. Мысалы, қолданыстағы куәлікте 5 қана категория жазылса, жаңасында бірден 14-і  көрсетілген. Яғни, 7 категория мен 6 бөлімше енгізіліпті. Мұндай қосымша санаттар елімізде мопедтер мен скутерлардің, трициклдардың көбейіп кетуімен байланысты болып отыр. Жаңа құжаттың дизайны да бөлек. Куәліктің қақ ортасында еліміздің көк туы белгіленген. Бағасы 2 жарым мың теңге. Десе де, әкімшілік полиция комитетіндегілер мерзімі өтпеген куәлікті жаңасына ауыстыру үшін қайтадан емтихан тапсырудың қажеті жоқ дейді. Куәлікте бұрынғыдай чип те бар. Бірақ, оны оқитын қондырғы әзірге тек Астана мен Алматы қаласына жеткізілген. Сондықтан, жүргізушілер туралы ақпаратты барлық полиция қызметкері ала алмайды. Жаңа куәліктің бұдан да басқа өзгешеліктері жетіп артылады екен.

Ернар Базаров, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

- Куәліктегі «Ерекше белгі» деген жерде азаматтардың көлікті автоматпен не механикамен жүргізіп үйренгені көрсетіледі. Сондай-ақ  көлікті көзілдірікпен жүргізетін адам болса, куәліктің астыңғы жағында «Көзілдірік міндетті» деген жазу болады. 

Loading...