Журналист Алмас Алтай Аймағамбетов туралы: Министр деген футбол көріп шошаңдағанша, жұмыс істеу керек еді

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Үкіметбасы ұсынды, Президент министрлерді ұшырды:

Брекештің кеткеніне қуансам да, Зүлфияның келгеніне қатты қуана алмаймын. Сондай қатты сенім жоқ. Экология ақшасы көп, жемқорлығы көп, шуы көп сала ғой, қайдам...

Абаевтың кеткеніне де қуанам, Ораловтың келгеніне де қуанам.

Асхат жұмыскер, күшті министр болатынына сенем.

Аймағамбетовтың кету себебі: Аргентинаға жақтасқаны ғой:) Сауап болды, министр деген футбол көріп шошаңдағанша, жұмыс істеу керек еді ғой. Еей, не болд ал...

Ғани Бейсембаев - өзіміз секілді қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі екен. Мектепте сабақ берген, ғылыми институттарда қызмет еткен, жеке оқу орталығы да болған, вице министрлік лауазымда болған бұған дейін.


"Асатпай жатып құлдық" демейік, көрейік. Асхаттың да әкесінен қалған кресло емес еді ғой, Ғани да жұмыс істеп көрсін", - деп жазды Алмас Алтай.