Журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған еркек үш жылға сотталды


Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 жастағы азамат жазасын жалпы тəртіптегі түрмеде өтейді.
Қазанның оны күні Алматыда белгісіз біреу блогер-журналист Б.Жұмановаға шабуыл жасаған болатын. Қылмысты ашуға үйдің кіреберісі жанындағы бақылау камерасындағы жазбалар көмектесті.