Бұл жайлы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматының полиция департаменті тергеу басқармасымен Орманбаеваға қатысты "ұлтаралық алауыздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын" атап өтті.
– Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен қатар күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды," деп хабарланды Алматы қалалық полиция департаментінен.
Дана Орманбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықаралық іздеуге жарияланды деген хабарға пост арқылы үн қатты.
Егер естеріңізде болса, бірнеше ай бұрын Дана Орманбаева Caravan.kz порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген еді.