Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Сүттен ақ, судан таза ағасы үш күн бойы мені азғырғанын түсінесіздер ғой? Ол бұл тақырыптың ел аузында болғанын қалайды. Ол менің шындықты жазғанымды қаламайды. Олар негізгі мақсат кінәліні әділетті түрде жазалау екенін ұмытып кеткендей. Бұл тақырыпта басқа мақсаттар пайда болды ма?
Мен оны бұғаттаймын. Өз есімін танымал ету ісі мені шаршатып жіберді. Ол қанша тырысса да оның атын ешкім есте сақтамайды. Ол шоу үшін мені белгілемеңіздер. Жала жапқаны және жалған ақпарат таратқаны үшін полицияға арыз жаздым. 15 миллион мен 5 миллионды адвокаттары дәлелдеп, растап берсін. Барлығы ашық болады, тергеу барысы туралы айтып отыратын боламын. Жалған айып тағып, жала жабуға тырысқандарға 100 арыз болсын тастауға ерінбеймін. Көпшілігі естен адасқан екен", - деп жазды журналист.