Журналист Тоқтар Жақаш Алмасбек Садырбаев туралы: “Театрландырылған шантаж” жасап жүр

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.


"Кеше Түркістанда бытпырық тигендей қып шулатып жүрген кім екен деп қарасам, о, Құдай-ай! Бізді өстіп те жазалайсың ба? Анау Алмасбек деген кезінде Ауылшаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген қу екен ғой! Шаруаларға жайылым жер жетпесе, егістік жер жетпесе, әйтеуір жерді қарапайым халықтың астынан сыпырып алып, латифундистерге берген, жағдайды дәл осы ушыққан күйге жеткізгендердің бірі өзі ғой! Енді келіп, судан ақ, сүттен таза бола қалып, "театрландырылған шантаж" жасап жүр. Бір қарағанға жап-жақсы сияқты көрініп еді. Түбін қазсаң - түлкінің ініндей екен!

Бүкіл Қазақстанда жер проблемасы ушығып тұр. Соның барлығын Ауылшаруашылығы министрлігінде істеген Алмасбек сияқты бұрынғы қызметкерлер үйіп-төгіп қалдырды. Проблема шешілуі керек. Қазір сол мәселені шешу үшін арнайы бір комиссия да құрылған. Ұмытпасам, депутат Erlan Sairov, Galym Baituk осы комиссияның мүшесі. Мәселеңді соларға айт. Мысалы, сол Түркістанның Қазығұрт ауданында жер мәселесін көтеріп, Бекболат Қаржан да жүр. Мәселені заң жолымен қуғындап, реттеп жүрген сияқты. Экс-шенеунік құсап, хайп жасап жүрген жоқ. Ал хайп жасаймын десе Бекболаттың Алмасбектен қай жері кем еді?

Көкелер-ау, қарапайым халықтың сезімімен ойнауға кө**еріңе қарасаңдаршы!", - деп жазды Тоқтар Жақаш.