"ХХІ ғасырда бұқаралық ақпарат құралдары ұлығаусар мүмкіндіктерге ие болды. Ғаламдық коммуникациялық желілердің, спутниктік телевидение мен Интернеттің пайда болуы бұқаралық ақпарат құралдарын "барлық жерге көктей кіретін" қабілетке ие болдырды", - деді президент.
"Жаңа ақпараттық мүмкіндіктер өлшеусіз еркіндік берумен бірге адамдардың санасын зақымдау және улау айла-шарғыларының қаупін тудырады", -деді ол.
Мемлекет басшысының пікірінше, ұлттық сыңаржақтыққа және үстемдік құрушы элитаға қатты тәуелділікке байланысты "БАҚ-тар ақпараттық соғыстардың қыр-сырын меңгеру арқылы ғаламдық саяси күрестің құралына жиі айналуда. Бұл -алаңдатарлық ағым", -деді ол.
"Әрбір журналист сөздің құдыретін парықтауға тиіс. Халықаралық күн тәртібін саясаткерлер жасақтайтынына қарамастан, дәл осы журналистер оны түзету және оған мораль мен әділеттілік ұрығын себу мүмкіндігіне ие", -деді мемлекет басшысы.
"Бөтен халықтардың идеалы, мәдениеті, талпыныстары мен сұраныстары туралы ақпарттарды жеткізу арқылы БАҚ-тар олардың арасындағы сауатсыздық пен түсінбеушілікті жоюға, жалпыадамзаттық ынтымақ-берекенің пайда болуы мен нығаюына септігін тигізе алады. Жетекші әлемдік БАҚ-тардың объективтілігі мен әділеттілігі әлемнің көптеген шиеленісті нүктелеріндегі қақтығыс әлеуетін біршама төмендете алар еді", -деді президент.
"Біз сөз бостандығы құқығы мен ғаламдық қауіпсіздікті сақтаудың қамы арасындағы тепе-теңдікті таба білуді үйренуге міндеттіміз", -деген президент "медиафорумның жұмысы қазіргі өміріміздегі осындай өзекті мәселелерге жауап іздеуге арналады" дегенге сенім білдірді.