Журналистер туралы жаңа ән шықты

Бұл туралы министр Аида Балаева осы әнді Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

«Ән барша журналистерге арналады», - деп жазды министр парақшасында.

Еске сала кетсек, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма берген еді.

 

«Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», - деп жазды Президент Twitter-де.

Көп өтпей Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланып, 28 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесін атап өтетін болды.