Жұртқа коммуналдық үй салып беруді ұсынған Перуашевтың өзі ауданы 500 шаршы метрден асатын үйде тұрады

Бұл туралы Фейсбуктың  Алаш Ұлы есімді қолданушысының парақшасына сілтеме жасап, Caravan.kz хабарлады.

Жүргізушінің "Үйіңіздің көлемі қанша?" деген сұрағына депутат сәл тосылыңқырап қалады. Сонда Сәтжан "Қанша? 400 шаршы ма, 500 шаршы ма?" дейді. Перуашев содан кейін барып одан да асатынын айтады. Яғни оның коттеджінің жалпы ауданы 500 шаршы метрден асады екен. Ал "Көлігіңіз қандай?" деген сұраққа депутат "Жеке көлігім жоқ" деп жауап берген.