Жүсіпбек Аймауытовтың Мәскеудегі бейітіне туған жерінің топырағы жеткізілді


кіндік қаны тамған жерінен бір уыс топырақ жазушы жерленген Мәскеу қаласындағы Ваганьковский зиратына көмілді, деп хабарлады Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, репрессияға ұшыраған қазақ жазушысы Ж.Аймауытовтың жерленген жері биыл ғана белгілі болды. 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде өткен митингте облыс әкімі Қанат Бозымбаев жерлесі желенген жерге бару бастамасын көтерген. Мәскеуге шыққан делегация құрамында зиялы қауым өкілдері мен жазушының туған-туыстары болды. 

Ж.Аймауытовтың немересі Рима Аймауытова мен ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист Сайлау Байбосын жиылған жұртшылыққа қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап берді.

19 қыркүйекте Ж.Аймауытовтың 125 жылдық мерейтойын атап өту кезінде Павлодарда облыстық қазақ музыкалық драма театры алдында жазушы ескерткіші орнатылады. Сонымен қатар мұнда ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ Баянауыл ауданы Мойылды алқабында «Ардақты Алаш азаматы» атты музыкалық-әдеби кеш пен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.