Жуық арада Қазақстанда бензин бағасы қымбаттай қоймайды

деп хабарлады энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

"Шамамен бізде Аи-92 бір литрі 128 теңге, ресейлік 160 теңге. Бұл елеулі айырмашылық. Дизельдік отын 115 теңге болғанда ресейлік 172 теңге. Әрине, мұндай айырмашылық болып тұрғанда, Ресейден қымбатқа алып, бізге арзанға әкелетін компания аз болар", деді ол Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында.

"Сонымен қатар, бензин мен дизельдік отынның шектеулі бағасын қымбаттату туралы ұсынысты үкімет қолдамады. Яғни, бүгінде қалыптасқан баға сақталады", деді ол.

Алдында хабарланғандай, тамызда Аи 92/93 шектеулі бағасын 115 теңгеден 128 теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданған болатын. Аи-80 және дизельдік отынның бағасы бұрынғы 89 және 115 теңге деңгейінде қалды.