Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Атырау облысының әкімшілігі Көлік және коммуникация министрлігіне Атыраудан республика астанасына тура темір жол қатынасын орнату туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отыр. Ұсыныс көлік мекемесі тарапынан қолдау тапқан жағдайда, маршрутты өңдеу әкімшілікпен бірлесіп келісілетін болады.
"Жаңа теміржол қатынасының қажеттілігі туындап тұр, себебі жолаушылар елордамызға жету үшін өздерінің вагондарын өтетін поездерге тіркеуді күтіп, Қандыағаш станциясында сегіз сағаттай күтуде болады",- деп түсіндіріп өтті компаниядағылар.