"Семинарға қатысушылардың баяндамалары және одан кейінгі дискуссия барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 2030-Стратегиясына сәйкес Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрылуын жүзеге асырудағы ел тарапынан дәйекті жұмсалған күшіне жоғары баға берілді. Мамандардың бағалауынша, 18-тамызда өткен Қазақстан Республикасының парламент мәжілісіне сайлау Қазақстанның демократиялану жолымен жүрудегі шешімділігін растау ретінде, ал дауыс беру нәтижесі, олардың қорытындысы бойынша, сайлаушылардың ел басшысының әлеуметтік-экономикалық саясатына деген сенімнің куәсі ретінде қарастырылуға тиіс",- деп атап көрсетілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгертулер, атап айтқада Қазақстан президентінің ұсынысымен енгізілген елбасының өкілеттілік мерзімінің қысқартылуы, сонымен қатар парламент пен жергілікті билік өкілдерінің өкілеттіліктерін кеңейту туралы өзгертулер сарапшылар тарапынан оң баға алды",- деп айтылған хабарламада.
Кездесуге қатысушылар, "елдің барлық салалардағы қарқынды алға басуы өте қысқа мерзімде қол жеткізіліп отыр, соның арқасында Қазақстан аймақтағы көшбасшы роліне көтерілді, деп атап өтті. Семинарда "Қазақстанның жетістіктерін геосаяси ахуал мен елдің сыртқы саясаттағы бастамаларынан бөліп қарастыруға болмайды", деп атап көрсетілген.
"Осыған байланысты Қазақстанның ядролық қарусыздануға қосқан үлесіне де жоғары баға берілді. Қазақстанның бастамасы бойынша шақырылған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің табысты жұмысы туралы ақпарат оң ниетте қабылданды",- деп атап көрсетілген баспасөз баянында.
22-қазанда Лондонның экономика және саяси зерттеу мектебінің профессоры Б. Хиндлидің төрағалығымен өткен семинар "Каспий ақпарат орталығы" британдық ұйымының көмегімен өткізілген. Оған Қазақстандағы сайлауға ЕҚЫҰ-ынан Ұлыбританиядан қатысқан ресми бақылаушылар, дипломаттар, Кембридж университетінің, Лондон экономика мектебінің, Лонданның шығыстану мектебінің ғалымдары, іскер топтар, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті