Жуырда "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады: талаптары мен шарттары қандай

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 31 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді.

Бағдарламаға Отбасы банкінің барлық салымшылары, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинағы бар және соңғы бес жыл ішінде өзінде де, отбасы мүшелерінде де тұрғын үйі болмаған азаматтар қатыса алады.

"Өтінім беру процесі толығымен онлайн форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Baspana Market платформасындағы жеке кабинеттері арқылы өтінім беріп, нәтижесін сол жерде бақылай алады. Өтінім беру тәртібі мен кезеңдері туралы толық нұсқаулықпен банк парақшасындағы "Наурыз" бөлімінде жарияланған",- делінген ақпаратта.