Жыл аяғына дейін ҚР түзету мекемелерінде қосымша 3 мың жұмыс орны ашылады

Оның мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері Қазақстанның түзету мекемелерінде үш зауыт пайдалануға беріліп, 14 мың 446 жұмыс орны құрылған.

"Түзету мекемелеріндегі өндіріс бәсекеге қабілетті. Біз оларды өндіруге Ресейден өтініш алдық және осы сала бойынша Ресейдің қылмыстық-атқару комитетімен өзара ықпалдасу туралы келісім жасастық", - деп атап көрсетті министр.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін түзету мекемелерінде тағы да 5 өнеркәсіп орындарын ашу жоспарланып отыр. "Ақмола облысында кірпіш зауыты, Қызылорда облысында тағы бір зауыт іске қосылады", - деп толықтырды әділет министрі.