Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 700 өрт шықты

Басқарма мәліметіне сәйкес, өрт салдарынан 45 адам, соның ішінде 2 бала мерт болып, 76 адам түрлі жарақат алып, 400 тоннадай жем отқа оранды.

Өрт салдарынан адамдардың мерт болу жағдайына жасалған талдау қорытындысы олардың басым бөлігінің мас күйінде отпен ойнауы қайғылы жағдайға душар ететінін көрсетіп отыр. Дәл осындай себеппен 28 адам тірідей отқа жанып кеткен.
Адам өліміне апарып соққан себептер тізімінде бірінші орында мас күйінде төсек үстінде темекі тарту және отпен абайсыз қарым-қатынас жасау тұр. Олардың әрбіреуінен 14 адамнан мерт болды.