АҚШ долларына теңгенің бағамы бір ай ішінде 1 доллар үшін 133,83 теңге - 135,35 теңге шамасында өзгерді. Осы кезең ішінде теңге 1,10% нығайды және қыркүйектің соңында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 133,83 теңгені құрады. Жыл басынан бері АҚШ долларына қатысты теңгенің номиналдық нығаюы 2,95% болды.
Қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді есепке алғанда тамызбен салыстырғанда 43,6% өсіп, 1125,9 млн.долл. болды (жыл басынан бері - 8,2 млрд.долл.).
Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 29,7% өсіп, 1733,9 млн.долл. болды (жыл басынан бері - 12,7 млрд. долл.).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті