Жыл басынан бері Ақтөбе облыстық қаржы полициясы 1,6 млн. теңгенің спиртті өнімдерін заңсыз айналымнан шығарды

Сондай-ақ, қаржы полициясы 12314 дана жасанды акциздік алым марксын тәркіледі.

Жыл басынан бері қаржы полициясының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде спиртті өнімдердің заңсыз айналымына қатысты 29 дерек әшкереленіп, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі" 190-бабы бойынша 5 қылмыстық іс, "акциздік алым марксын қолдан жасап пайдалану жөніндегі" 208-бабына сәйкес 6 қылмыстық іс қозғалды.
Атап айтсақ, 7-қазанда қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жасанды акциздік маркалар жапсырылған спиртті өнімдер тиелген автокөлікті ұстау дерегі бойынша қылмыстық істі тексеруді аяқтады. Ақтөбедегі "Кристалл" сауда белгісі бойынша ликер-арақ өнімдерін өндіретін "MAXIMUS" ЖШС-не қарасты көлікті тексеру барысында жасанды акциздік алым маркасы жапсырылған 6000 бөтелке "Московская" арағы табылды. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 208-бабы, 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 500-1000 есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлей отырып 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.