«Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 66,7% - Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 23,6% - Қытайдан, 4,2% - Түрікменстаннан, 2,4% - Моңғолиядан және 3,1% - өзге елдерден оралған қандастарымыз», делінген хабарламада.
Оралмандардың басым бөлігі Алматы облысына- 2364 отбасы (4729 адам), Оңтүстік Қазақстан облысына - 1572 отбасы (3044 адам), Маңғыстау облысына- 506 отбасы (2311 отбасы), Жамбыл облысына - 620 отбасы (1254 адам), Шығыс Қазақстан облысына - 369 отбасы (778 адам), Акмола облысына - 272 отбасы (571 адам), Карағанды облысына - 221 отбасы (431 адам), Қостанай облысына - 154 отбасы (296 адам), Ақтөбе облысына- 51 отбасы (237 адам), Павлодар облысына- 90 отбасы (231 адам), Атыраус облысына- 84 отбасы (145 адам), Сотлүстік Қазақстан облысына - 45 отбасы (102 адам), Батыс Қазақстан облысына - 6 отбасы (26 адам), Қызылорда облысына - 15 отбасы (24 адам), Астана қаласына - 341 отбасы (549 адам), Алматы қаласына - 130 отбасы (219 адам) қоныстанды.
Елге оралған қандастарымыздың 64,2% - еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері - 29,7%, зейнеткерлер - 6,1% құрайды.
Еңбекке жарамды оралмандардың 10,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 17,8%-ында орта арнаулы білім бар, 68,1% - жалпы орта білімі бар азаматтар.