Павлодардың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, "облыс орталығындағы барлық қаржыландыру көздерінің қаржылары есебенін салынған тұрғын үй 2007 жылдың 1-қазанында 96,1 мың шаршы метрді құраған".
Сондай-ақ мекеменің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіндегі (9 айындағы) көрсеткішпен салыстырғанда 10,2 пайызға артық.
Сонымен қатар бөлім қызметкерлері, 2007 жылы тұрғындар есебінен 42 мың шаршы метрге жуық жаңа баспана пайдалануға берілген.
Қазіргі уақытта Павлодардың Усольское ауданында қалалық тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында кешенді құрылыстар салуға арналған негізгі алаң таңдалып алынған, жалпы алаңы 73 мың шаршы метрді құрайтын 14 ипотекалық тұрғын үй және жалпы алаңы 4 мың шаршы метрдей 1 коммуналдық үй салынып жатыр.
Барлығы жыл басынан бері, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодарда қалалық тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында жалпы алаңы 34 мың шаршы метрді құрайтын 419 пәтерлі 5 тұрғын үй салынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті