Жыл басынан бері Қазақстанда ұйымдасқан есірткі сатушы алты топ құрықталды - ҚР ІІМ-нің орынбасары

ҚР ІІМ-нің орынбасарының айтуынша, осы мерзімде елімізде 3,7 тонна түрлі есірткілік заттар, соның ішінде 110 килограмнан астам героин заңсыз айналымнан

шығарылды. “Жыл басынан бері елімізде есірткі контрабандасына қатысты 97 дерек әшкереленді. Бұл былтырғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 13 процент артық”,- деді ол.