Жыл басынан бері қоғамдық құрылымдардың қатысумен 2 мыңнан астам қылмыс ашылған - полиция

Комитеттің хабарлауынша, қазіргі уақытта елде полициямен ықпалдастықта өз қатарларына 30 мыңнан астам адамды біріктіретін 4 мыңнан астам қоғамдық құрылымдар бар. "Сарбаздар", "Сақшы", студентік отрядтар, консьерждер сияқты қоғамдық құрылымдар желісі дамып келе жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылы қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмыспен күреске жұмылдырылған азаматтарды ынталандыру үшін жергілікті бюджеттен 27 млн теңгеден астам қаржы бөліген. "Қаржының көптеген бөлігін Астана, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімшіліктері бөлген",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгінде қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене қатысқандығы үшін 1331 адамға жалпы көлемі 8 млн астам теңгедей қаржылай сыйақы төленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті