Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 14 тоннадан астам есірткі тәркілеген

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың 8 айында республика бойынша 6869 есірткі қылмысы тіркелген, олардың 135 дерегі контрабанда.

Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитеті жыл басынан бері жүргізілген ірі көлемдегі іс-шаралар нәтижесінде есірткі тасымалының 171 арнасын анықтап жойған, олардың 14-і халықаралық арналар.

"Есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін 111 шетел азаматы ұсталған, заңсыз есірткі айналымымен айналысқан жеті ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, жойылды. Есірткі қылмысымен айналысатын топтардың жеті жетекшісі мен 22 қатысушысы қылмыстық жауапқа тартылған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.