Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша наурыз айында теңге бағамы 0,9% - ға нығайды. Бір АҚШ доллары үшін 446,77 теңгеге дейін қалыптасты.
Алайда теңге тек долларға ғана емес, жыл басынан бері басқа да негізгі валюталарға қатысты нығайды. Ресми статистикаға сәйкес:
Қытай юаны да теңгеге қатысты біршама әлсіреді – қаңтардың басында 63,94-тен сәуір айының басында 61,88-ге дейін.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) сауалнамасына қатысқан сарапшылардың бағалауы бойынша, сәуір айында USD/KZT бағамы бір доллар үшін 454,4 теңгеге жетуі мүмкін. Алайда, қазіргі уақытта теңге бағамы, керісінше, нығаюды көрсетюде.
1 сәуірдегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қайтадан 446,56 теңгеге дейін төмендеді. Еуро 481,81 теңге деңгейінде қалыптасса, рубль – 4,84 теңге, юань бойынша сауда-саттық өткізілмеді.