Жыл басынан бері туризм саласына жұмсалған инвестициялар көлемі 2,5 есе өсті

"Есепті мерзімде туризм саласына жұмсалған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 есе өсіп, 63 млрд теңгені құрады", -деді Е. Никитинский.

Оның айтуынша, "мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру отандық туризмді дамытуға оң әсерін тигізді. Жалпы көрсетілген туристік қызметтер көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 2007 жылдың тиісті мерзіміндегі көрсеткіштерден 60,8% артып, 29,5 млрд теңге болды".

"Өңірлерде туристік индустрияның дамуын тежеп отырған бір фактор - жергілікті атқарушы билік тарапынан туристік саланың дамуына ел экономикасын әртараптандыру және шикізаттан басқа секторды басым дамыту тұрғысынн жеткілікті назар аудармауы болуда",- деді комитет төрағасы.

Атырау және Қызылорда облыстарында туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалған қаражат көлемі 2,6 млн теңге, Қостанай облысында - 3,3 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысында - 4,1 млн теңге болса, тек Астанада 2008 жылы - 51,2 млн, Шығыс Қазақстан облысында - 29,2 млн, Алматы облысында - 19,3 млн теңге болды, деді Е. Никитинский.