"Ағымдағы жылдың бес айында 98,5 мың жаңа жұмыс орны құрылып, уәкілетті органдардан көмек сұрай келген азаматтардың 70 проценттен астамы жұмысқа орналастырылды", - деді Б. Сапарбаев.
Оның айтуынша, "осы жылдың бірінші тоқсанында жұмыспен қамтылған адамдардың саны 7,8 млн адамға дейін өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 6,9 процентке дейін азайды". Салыстырар болсақ, өткен жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 7,6 млн адам және 7,3 процент болған.
Министрдің айтуынша, "жұмыспен қамту саласындағы басты проблема - жұмыс күшінің сапасыздығы мен жұмыспен қамту тиімсіздігі". "Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 9,4 процент және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 8,7 процент жоғары күйінде сақталып отыр", - деді министр.
Министрліктің болжамына сәйкес, 2011 жылы жұмыссыздық деңгейі "6,7 процентке дейін төмендеп, еңбек резервтерінің кәсібилік құрылымында кәсіби жұмыскерлер үлесі екі есе ұлғаяды".