Жыл басынан бір бірыңғай астық холдингіне елуден астам өнім өндіруші мүше болды

Сөйтіп, холдинг мүшелерінің жалпы саны 110-ға жетті. Бұл туралы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» баспасөз қызметі хабарлады.

«Сонымен, астық холдингінің 110 мүшесі бар. Олар: Ақмола (44), Ақтөбе (3), Шығыс Қазақстан (6), Қарағанды (1), Қостанай (36), Павлодар (9), Солтүстік Қазақстан (11) облыстарының өнім өндірушілері. Олардың арасында 49 заңды тұлға, 61 жеке тұлға бар», - делінген хабарламада.

Холдинг мүшелеріне тиесілі егіс алқабының жалпы көлемі 436 мың 800 гектар. Оған негізінен 200 гектардан 20 мың гектарға дейін жері бар ұсақ және орта шаруашылықтар мүше.


Қазіргі таңда холдингке мүше болуға ниет білдірген 36 өнім өндірушінің өтініші қаралып жатыр.