2014 жылдың басымен салыитырғанда, Астана қаласы халқының жалпы саны 38550 адамға көбейді, деп хабарлады елорданың статистика департаменті.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы халықтың табиғи өсімі 20630 адамды, көші-қон өсімі - 17920 адамды құрады.
2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының ішінде тұтастай алғанда Астанада туылғандар саны 24216 адам болып, 2013 жылмен салыстырғанда, 10,8 пайызға артты. Сонымен қатар халықтың табиғи өсімі бұрнағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 12,6 пайызға ұлғайып, 20630 адамды құрады.
Осы кезеңде қалада 3586 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайыз көп.
Қаңтар-желтоқсанда 1 жасқа дейінгі 167 сәби қайтыс болды, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салстырғанда 29 оқиғаға аз. Сәбилер өлімі коэффициенті 6,90-ды құрады (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда - 8,97).
Халық арасындағы өлімнің 33,3 пайызы қан айналысы жүйесі аурулары, 21,4 пайызы - жаңа аурулар, 13,3 пайызы - бақытсыздық жағдайлары, улану немесе жарақаттану себептерінен болып отыр.
АХАТ органдарында тіркелген үйлену некелері 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға ұлғайды, ажырасулар саны - 9,4 пайызға көбейді.