"Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 18%-дан асып жығылады, өйткені, бүгінгі күннің өзінде ол 17,5% құрап отыр", - деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы.
Оның сөздері бойынша, биылғы жылы орта жылдық инфляция көрсеткіші жылдық көрсеткіштен төмен. "Біздегі орта жылдық инфляция деңгейі 10% сәл асады", - деп атап өтті Ә.Сәйденов.
Сонымен қатар, бас банкир 2008 жылдың инфляция болжамын айтты.
"Біздің пікірімізше, алдағы жылы инфляция төмен болды. Әрине, әлемдік нарықта әсіресе, азық-түлік бағалары айтарлықтай өзгереді деп айта алмаймыз", - деп болжамын айтты Ә. Сәйденов.
Оның сөздеріне қарағанда, азық-түліктің құны, әлемдік сарапшылардың пікірінше өсе береді, бұл азық-түліктің үлкен қоры жұмсалып отырған, биоотын өндірісі сияқты жағдайлармен байланысты.
"Баға күрт толқуларсыз көтеріле береді... Келер жылы инфляция қолайлы шеңберде болады", - деп ойын қорытты Ә. Сәйденов.