ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ – Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басшысының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева: Бизнесті шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуы алаңдатып отыр

«Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бизнесті реттеу саласында да, кәсіпкерліктің кәсіби тұрғыдан даму саласында да айтарлықтай өзгерістер болды.

Бизнес саны жағынан 50 есе өсті. Бүгінгі таңда еліміздегі белсенді халықтың жартысынан астамы ШОБ нысандарында жұмыс істеп жүр. Барлық жерлерде өндіріске жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Ре,сми статистикаға сүйенсек, қызметтер мен тауар өндіру көлемі жыл сайын артып келеді. Мемлекет «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Агробизнес-2020» сынды тағы да басқа бағдарламалар бойынша бизнесті қолдауға миллиардтап қаржы бөліп отыр.

Соған қарамастан кәсіпкерлер тарапынан көптеген сұрақтар, шағымдар мен ұсыныстар түсіп жатыр. (...) жергілікті атқару органдары жұмысты ашық жүргізбейді, неліктен бір компаниялардың бағдарламаларға бірнеше рет қатысатыны, ал кейбір компанияларға жергілікті органдар ақыл-кеңес беруден де бас тартатыны түсініксіз.


ШОБ-тің инновацияларға, ғылыми әзірлемелерді енгізуге және өндірісті жаңғыртуға бөлінген несие мен қаржыны пайдалану мәселесі әлі күнге шешілмеген (...).