Жыл сайын 30 мың IT- маманға қажеттілік туындайды

Биыл 10 үздік ЖОО-ның пулы құрылды. Олар өздерінің бағдарламаларын халықаралық университеттермен бірігіп әзірледі. Елімізде IT бойынша болашақ мамандарды даярлау бойынша тиімді әдістер енгізіліп жатыр, - деді ол.

Министр цифрлық сауаттылықты арттыру аясында жергілікті атқарушы органдармен бірге бірқатар курс өткізілгенін айтты.

Екі жыл ішінде цифрлық сауаттылық курстарына 1,2 млн-нан астам азамат қатысты. Биыл 400 мыңнан астам азаматты оқыту көзделген. Пандемияға қатысты азаматтар онлайн оқытылып жатыр, - деді ол.