Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
«Өзін-өзі өлтіру оқиғасының әр қайсысы өз алдына қайғы-қасірет. Жыл сайын 800 мыңнан астам адам өз еркімен жарық дүниемен қош айтысады екен», - деді ДДСҰ басшысы Маргарет Чан.
Баяндамада өзін-өзі өлтірудің денсаулық сақтау саласының өзекті проблемасына айналғаны және оны тоқтату қажеттігі айтылған.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өз-өзіне қол салатын ерлер саны әйелдерден екі есе көп. Ал, өзін-өзі өлтіру оқиғаларының төрттен бірі табыс деңгейі жоғары елдерде болады екен.
Өзін-өзі өлтіру саны жағынан Гайана (100 мың адамға шаққанда 44,2 өлімнен келеді), КХДР (100 мыңға 38,5 оқиғадан) және Оңтүстік Корея (100 мыңға 28,9 оқиғадан келеді) көш бастап тұр.