Орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне өңірдің 23 елді мекені қосылған.
«Бұдан басқа, ағымдағы жылы ауыз сумен тағы 24 елді мекен қамтамасыз етіледі», - деді С.Бескемпіров.
2014 жылы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және салуға 63 нысанға 14,1 млрд. теңге бөлінді.
Сөйтіп, облыстағы 744 елді мекеннің 537-сі немесе 72,2 пайызы орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, 2017 жылға дейін тағы да 169 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылмақ.
«Бұл орталықтандырылған су жүйесіне қосылған елді мекендердің санын 707-ге жеткізіп, барлық елді мекендердің 95 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», -деп нақтылады Серік Бескемпіров.