Жыл соңына дейін Байқоңырдан төрт «Протон» ұшырылады


Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне ғарыш саласындағы ақпарат көзі хабарлады.
«Протон-М» зымырандарын ұшыру кестесі тапсырыс берушілермен келісілген. Биылғы жылдың соңына дейін төрт зымыран ұшырылады. Оның бірі шетелдік тапсырыс берушінің, екіншісі Ресей Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен ұшырылмақ», - деді ол.
Айтуынша, 14-қыркүйекте ұшырылатын «Протон-М» зымыраны «Экспресс-АМ8» телекоммуникациялық жер серігін орбитаға шығаруы тиіс.
Қазанның тоғызында аталған зымыран-тасығыш түріктің Turksat-4B жер серігін алып ұшады.
Қараша айында «Протон-М» зымыраны екі рет ұшырылмақ. Оның бірі шетелдік тапсырыс берушінің, екіншісі Ресей Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылады.
Желтоқсанда улы зымыран ұшырылмайды.