Жыл соңына дейiн ЭКСПО-2017 көрмесiне қатысуға тағы 30 ел келiсiмiн беруi ықтимал


Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар орталығында ҚР Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары - ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiнiң комиссары Рәпiл Жошыбаев мәлiм еттi. 

«ЭКСПО-2017 комиссары ретiнде Қазақстанға келушi елдердi тарту бойынша жұмыстарды атқарудамыз. Қазiргi кезде 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйым өзiнiң келiсiмiн бердi. Бүгiнде 8 мемлекет өздерiнiң комиссарларын тағайындады. Ендi осы жылдың аяғына шейiн тағыда 30 мемлекеттi аралап, олардың келiсiмiн алу жоспарда бар», - дейдi Р. Жошыбаев.