Жыл соңына қарай Brent маркілі мұнай бағасы баррель үшін 60 долларға дейін арзандайды


сосын 2015 жылдың басында оның құны 50 доллар болады, деп Bloomberg агентттігі Andurand Capital Management хедж қорының жетекшісі және оны құрушы Пьер Андюраннің сөздерін келтіріп өтеді. Сосын оның белгіленген бағасы баррель үшін 60-70 деңгейінде тұрақталады, деп топшылайды ол.
Оның айтуынша, келесі жылдың бірінші жартыжылдығында мұнайдың әлемдік қоры күн сайын 1-2 млн баррельге көбейіп отырмақ, өйткені Сауд Арабиясы және Ұйымның басқа да мүшелері, яғни мұнай экспорттаушы елдер өндірісті тоқтатар емес.
"Сауд Арабиясы жолдап отырған дабыл айқын, АҚШ қатпарлы мұнай өндірісін қысқартуы үшін мұнай бағасы төмендей беруге тиіс. ОПЕК-тен тысқары өндіріс қысқаруы үшін белгіленген бағаның төмендеуі қажет”, деді П.Андюран.