Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.
«Оқу министрлігі жылда бірдеңе ойлап табады. Оданда қосымша ақша төлемей әркім өз мектебінің білімімен грандқа түсудің жолында неге тер төкпейді?!
Барлық бала грандқа түсу үшін кемі айын 70 мыңнан төлеп қосымша дайындалады, мектеп не үшін керек?! Ал сол мектептің білімі жетпейтін тест сұрақтарын қайдан аласыңдар?!
Енді алдағы уақытта бірнеше пәнді біріктіреді одан сағат қысқарады, айлық ше?!
Күнделік кз деп қой ол миды ағыздыңдар, қайда қалды енді?! Қағаз күнделік кімнің шекесіне тар келді?! Білім сапасын емес шарттарын жасағанды жақсы көресіңдер!
Енді сан жетпес кітаптарды өртеп үш пән біріккен жаңа кітап ойлап тауып үкіметтің ақшасын тағы ысырап қыласыңдар ма?! Тып-тыныш білім берумен ғана айналысуға болмай ма?!
Мұғалімді қағазымен санатымен емес оқушысымен қашан бағалайсыңдар?!
Химия +физика+ биологияны қосып беру үшін мұғалім қайта оқи ма?! Ол қандай білім сонда?! Әрқайсысы өз алдына бір ғылым емес пе?! Математика + геометрия + алгебра ше?!», - деп жазды ол.