Жылдың екінші жартысында республика үкіметі парламентке 29 заң жобасын ұсынады - ҚР Әділет министрлігі

28 құжаттың 8-ін ҚР Әділет министрлігі жобалаған. Министрліктің заң жобалары негізінен ҚР қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі ізгіліктендіруге, сот сараптамасын жетілдіруге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, адвокаттық және нотариус іс-қызметін жетілдіруге бағытталған. Сонымен бірге ҚР Әділет министрлігі азаматтық заңнамадағы қарама-қайшылықтарды жою бағытында жұмыстар жүргізуде.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2005-жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына ҚР денсаулық сақтау министрлігі жасаған "ҚР "СПИД-тің алдын алу туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын енгізуге шешім қабылданды.
Бүгін сонымен бірге комиссия парламент депутаттарының бастамасымен жасалған басқа да бірқатар заң жобаларын қарады. Атап айтсақ, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы", "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтап алу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер астындағы және ашық тау-кен қазба жұмыстарын атқарған, аса зиянды және аса ауыр еңбек жағдайында жұмыс істеген адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы", "Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық іс-қызметке қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бар. Соңғы аталған құжаттағы тәртіптер адвокаттың мәртебесін көтеруге, қорғаушылардың құзыреті мен құқығы аясын кеңейтуге бағытталып, қорғау тиімділігіне, адвокаттардың іс-қызметіне араласпауға кепілдікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырумен бірге сот өндірісіндегі ашықтық, тараптардың тең құқылылығы мен бәсекелелілік принциптерін бекітеді.
Мекемеаралық комиссияның пікірінше, үкіметтің 2005-жылдың алғашқы жартысына арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары белгіленген мерзім аясында орындалды. Қазір парламент қарауында 20 заң жобасы жатыр, 4 құжат Елбасының қол қоюына жіберілді.