Caravan Logo

Жылқылар мен түйелер көктайғақ тасжолдан өте алмай қалды

Жылқылар мен түйелер көктайғақ тасжолдан өте алмай қалды

Желіде қысқы жаңбырдан кейін көктайғаққа айналған жолдан өте алмай тұрған түйелер мен жылқылар туралы видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеолардың бірінде жолдан өте алмай қалған жылқылардың тасжолдың ортасына жатып алғанын көруге болады. Өзге видеода бір келе түйенің жолдан өте алмай тұрғанын, ал шауып өтпек болған жануардың бірі жол үстіне тайып құлағаны көрінеді.