Жылу бағасы қымбаттады

- Жылыту 101 теңге болатын, шаршы метріне. Ал 2013 жылы қарашада 135, 90 теңге еді. Енді, міне, желтоқсан айына 181,45 болып отыр. 33 пайызға өсті.

Сұлтан Жұманбаев қымбаттаудан әбден мезі болған алматылық көп қарттың бірі. Желтоқсан айының түбіртегінде қарияның 60 шаршы метрлік пәтернің жылуына 11 мың теңгеге ақы келіп тұр. Ал қарашада 8 мың теңге төлеген еді.

Сұлтан Жұмабаев, зейнеткер:

-Не гезетке, не теледидардан айтып, хабарлаған жоқ. Монополияға қарсы комиттет те ештеңе айтқан жоқ. Ойлап қалдық біз 9 пайызға зейнетақыны өсіреміз деген соң мына жылу жүйесіндегілер де 33 пайыз өсіргені егемендік алған күнге жасаған олардың сый деп.

Ал зейнеткерлер құқын қорғаушы Ирина Савостина, 1-ші қаңтардан бастап, зейнетақы мөлшері 9 пайызға өседі дегеннен-ақ бір гәптің боларын сезгенін айтады. Өйткені Үкімет өсіргенімен, өсімді коммуналдық қызметтің қағып алатын әдеті қалмаған. Қымбаттаған азық-түлік бағысын айтпағанда.

Ирина Савостина, «Поколение» қоғамдық қозғалысының төрайымы:

-Егер зейнетақы 54 мың теңге болса, енді оның үстіне 3 мың 400 теңге қосылмақ. Бірақ бұл қосылған ақша 1 бөлмелі пәтердің жылуын төлеумен-ақ кетеді. Демек, зейнетақыны өсіргеннен не пайда, коммуналдық ақы осылай қымбаттайтын болса.


Алайда қызметінің 30 пайызға қымбаттауын «Алматы жылу Холдингі» әдеттегі жағдайға балайды. Яғни, өсімнің зейнетақының көтерлуіне ешбір қатысы жоқ.

Ян Гирин, «Алматы жылу Холдингі» МКК баспасөз хатшысы:

-Соншалықты шулайтындай баға қымбаттаған жоқ. Әдеттегі, маусымдық өсім бұл. Өйткені жылу ақысы осымен 2-ші жыл тек жылу берілген 6 айға ғана төленіп отыр.

Дей тұрғанымен, мамандар маусымдық өсім құнын ай сайын көтеруді көздеп отырғандарын да айтып қалды. Мәселен, желтоқсанға бекітілген баға 181 теңге болса, қаңтарда бұл көрсеткіш 199 теңгені құрауы мүмкін. 

-Бір айта кетерлігі, жылу ақысының қымбаттауы бір Алматыда ғана емес, елдің барлық өңірінеде болады екен. Бірақ әр аймақтың тұтыну мөлшеріне қарай әртүрлі деңгейде баға бекітілмек. Оның үстіне, келер жылдан бастап, мамандар жылу жүйесін де есептеуіш құралы арқылы төлеу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.