Жылу электр орталығындағы апат салдарынан Теміртаудың жартысы жылусыз қалды

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттарына сүйенсек, апат бүгін 2 сағат 40 минутта 2-ші ЖЭО-ның станциясына су беретін құбырда болған.

Апат салдарын залалсыздандырудың бірінші әрекеті сәтсіз болған. Берілетін судың шектелуі салдарынан екі қазандықта апаттық тоқтау болған. Станция төрт қазандықта әлсіз режимдегі жұмысқа көшкендіктен, қалаға берілетін ыстық су қысымы күрт төмендеп кеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қазіргі уақытта зақымдану учаскесі анықталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Теміртау әкімшілігі ыстық су мен жылу 22 сағат 00 минутта беріле бастайтынын хабарлады.

Синоптикатердің мәліметтеріне сүйенсек, бүгін таңертең Теміртаудағы ауа температурасы 20 градус суықты көрсеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті