Жылуға төленген ақша тұтынушыларға қайтарылатын болады

Қайта есептеу жыл сайын жылыту маусымының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен. Бұл жылуға арналған тариф, оның ішінде «көше» температурасы болжамының негізінде жылудың жоспарланған көлемінен шыға келе қалыптастырылатынына байланысты.   

Өткен жылыту кезеңі үшін (2014 - 2015 жылдар) тұтынушыларға ақша қайтарылады, себебі «жылы» қыс жағдайында жылу шығыны болжамды (есептік) шығыннан едәуір аз болды.

Мысалы:

Өңір

Сыртқы ауаның іс жүзіндегі температурасы  

Есепті температура

Тұтынушыларға қайтару сомасы

Алматы қ.

0,33 °С

-1,8 °С

347 млн. теңге

БҚО

-3,94 °С

-6 °С

17 млн. теңге

СҚО

-5,12 °С

-8,6 °С

31,2 млн. теңге

ШҚО

-5,9 °С

-7,5 °С

99,4 млн. теңге

Тұтастай алғанда, жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 963,5 млн. теңге сомасында ақшалай сома қайтарылады:                  

Р/с

Өңір

Жылыту маусымы - 2014-2015 жж.

Халыққа қайтару теңге/м2

Өңір бойынша халыққа жалпы қайтару(теңге)

1

2

3

4

1

Алматы

33,18

347 018 294

2

Алматы облысы


10,43

26 606 224

3

Атырау облысы

6,50

10 014 391

4

Ақтөбе облысы

3,71

12 673 497

5

Ақмола облысы

14,3

30 478 790

6

Жамбыл облысы

3,9

12 663 913

7

Батыс Қазақстан облысы

8,52

17 080 435

8

Шығыс Қазақстан облысы

22,07

99 355 915

9

Қостанай облысы

49,20

219 645 934

10

Қарағанды облысы

8,42

54 191 262

11

Қызылорда облысы

14,10

21 205 820

12

Солтүстік Қазақстан облысы

11,02

31 246 999

13

Павлодар облысы

9,59

48 481 033

14

Оңтүстік Қазақстан   облысы

9,65

32 772 978

ЖИЫНЫ:

963 435 485

Тұтынушылар өз тұрғын үйі ауданы жалпы көлемін м2 үшін жылу құнына (3-бағанның деректері) көбейту арқылы өз бетінше есептей алады.

МысалыАқмола облысында алаңы 52 ш.м. пәтер иесіне шамамен  750 теңге (52 х 14.3 = 743,6)қайтарылатын болады

Жылу энергиясына ақы төлеуді қайта есептеу келесі 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымының басында жүзеге асырылады. Әрбір тұтынушы өзінің коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртегінде қайтарылған соманы «көретін болады».