Демалыс күндері кейбір облыстарда ауа температурасы 3-9ºС климаттық нормадан жоғары жылы ауа-райы байқалды. Мұндай ауа-райы Иран аймағынан Қазақстанға және Батыс Сібірге жылы ауа массаларының кең шығуымен байланысты.
Жақын үш тәулікте жылы, кей жерлерде жауын-шашынды ауа-райы оңтүстік және шығыс облыстарында сақталады. Батыс және солтүстік-батыс облыстарына Ресейдің еуропалық бөлігінен ақырындап суық және дымқыл ауа массалары толтырыла бастайды. Сондықтан мұнда жауын-шашын, жаңбыр, дымқыл қар, тұман, ақырындап температураның төмендеуі және көктайғақ күтіледі.